Разное

Галстук байлау түрлері фото: Екі минутта галстук байлау тәсілі (Видео)

Галстукты қалай байлаймын? . — Cұрақ-Жауап

Сайтты қолдану үшін FAQ танысып шығыңыз!

Төле_биЖалпы сұрақсұрақ қойды | 3.0k қаралды

Галстукты қалай байлаймын?

  • галстук
  • байлау
  • галстук байлау
  • киім
  • мода
  • мәдениет
  • аксессуар

2 жауап

Белгісіз жауап берді

және Галстуктарихын білесіз бе? http://massaget.kz/bastangy/sn/3765 Галстукты байлау инструкциясы? http://massaget.kz/bastangy/sn/4644

Жақсы Жауап

cr7-erboжауап берді

Ұқсас сұрақтар

1 жауап

Галстукты қалай тағады?

FilosofЖалпы сұрақ 16.06.2017 сұрақ қойды | 2.6k қаралды

  • галстук
  • байлау
  • мәдениет
  • мода
  • аксессуар

1 жауап

Галстук қысқартып байлау керек?

hazardАвтосақтандыру 8.10.2015 сұрақ қойды | 3.8k қаралды

  • галстук
  • байлау
  • галстук байлау

1 жауап

Жіңішке галстукты қалай байлауға болады? толық видео немесе сурет болса

ПариЖалпы сұрақ 19.08.2012 сұрақ қойды | 2.7k қаралды

  • галстук
  • байлау
  • жіңішке галстук
  • пари

1 жауап

Галстук байлаудың неше түрі бар?

Белгісіз Жалпы сұрақ 10.11.2013 сұрақ қойды | 4.1k қаралды

  • галстук
  • галстук байлау
  • галстук түрі

2 жауап

Қазақ тымақ модаға қаншалықты енді.

AZATKAZAHЖалпы сұрақ 21.11.2010 сұрақ қойды | 873 қаралды

  • қазақ
  • киім
  • мәдениет
  • дәстүр
  • Санаттар
  • Мектеп сұрақтары 29.2k
  • Университет, колледж 4.1k
  • Тарих сұрақтары 2.0k
  • Компьютер, Интернет 16.5k
  • Авто 1.1k
  • Қаржы, Бизнес 2.1k
  • Саясат, Мемлекет 1.7k
  • Заң 2.0k
  • Өмір, Тіршілік 4.9k
  • Тағам, Аспаздық 990
  • Жұмыс 1.4k
  • Экология, Табиғат 1.4k
  • Денсаулық 6.5k
  • Спорт 3.1k
  • Танысу, Махаббат 2.7k
  • Көңіл-көтеру 1.7k
  • Өнер 1.5k
  • Қыдыру, Демалыс 453
  • Кітап, Әдебиет 3.3k
  • Құрылыс, Жобалау 391
  • Музыка, Ән 5.8k
  • Ұялы телефон 5.3k
  • Әлеуметтік желі 1.6k
  • Кино, Теледидар 3.1k
  • Сурет, Видео 1.4k
  • Тұлға, Адам 3.0k
  • Салт-дәстүр 1.0k
  • Логикалық сұрақтар 3. 3k
  • Жалпы сұрақ 14.0k
  • Онлайн конференция 16

Галстугіңізді түзеңіз, мырза!

Әйтеуір сәнгер бала патша галстуктің түпатасы болғаны айтылады. Үлкен қызметті уысында ұстап отырған азаматтың ажарына сән беріп, базарына қан жүгіртетін бұйым ретінде брендке айналдырған да сол әңгүдік әмірші.

1648 жылы француз сарайында қызмет ететін жалдамалы хорват полкі жеңісінің құрметіне Париж көшелерімен салтанатты шеруге шығады. Оны байқап қалған он жасар Людовик XIV хорват сарбаздарының мойнына байланған ерекше шарфқа ұқсас сәнді затқа қатты қызығады. Көрсеқызар патша бірден соны қалайтынын мәлімдейді. Қызығы сол, жаңа аксессуар сәнге еніп келе жатқан үлкен париктермен жақсы үйлесе кетеді. Сөйтіп, айналасындағы игі жақсылар, әсіресе сарай қызметкерлері бұйра шаштары шілтерлі киімдеріне сән есебінде мойынорамал таға бастайды.

Француздар бұл жаңалықты «cravate» – «крават» деп атады. Француз тілінде «croate» «хорваттық» деген мағынаға саяды. Бұл атау көптеген тілде солай өрбіді. Мәселен, украин­дықтар әлі күнге галстукты «крават» деп атайды.

Ақыры патша сарайында жаңа позиция пайда болды. Яғни «краватиер» мамандығы қосылды. Күн сайын таңертең патшаға бір себет галстук әкелетін және оны таңдап көмек­тесетін қызметші жұмысқа алынды. Бұл жерде сіз бен біздің таңданатындай ештеңеміз жоқ. «Қазаншының өз еркі, қайдан құлақ шығарса» дегендей, әулекі неме сол дәуірде әр нәрсенің басын бір шалды емес пе!? Оны айтасыз, сарайда корольдік таяқты сақтаушы немесе қазан бақылаушы сияқты қызықты лауазымдар да болған екен.

Жалпы, «крават» шежіресінің күңгірт тұста­ры көп екенін айта кету керек. Кейбір дерек­көздер оның шығу тарихын 1648 жылға жатқызса, басқалары Людовик XIV 1646 жылы шілтерлі галстук таққан деп санайды. Ал хорват жалдамалылары Парижде одан да ертерек 1635 жылы Людовик XIII кезінде пайда болды деген пікір түзеді. Дегенмен хорваттардың ықпалын ешкім жоққа шығармайды. 1666  жылы даңғой Людовик XIV жалдамалы полктерге «Корольдік краваттар» деген атақ беріпті. Хорватия әлі күнге дейін бұл фактіні мақтан тұтады. Ол аз десеңіз, аталған мемлекетте 18 қазан – Халықаралық галстук күні ретінде салтанатты түрде атап өтіледі.

Хорват галстугінің бастапқы түсі белгісіз. Біреулер қызыл десе, басқалары аққа балайды. 1630 жылы хорват ақыны Иван Гундуличтің портретінде ақ галстук бейнеленген. Соған қарап, ақшыл деп болжауға болатындай. Қалай болғанда да, Людовик XIV ақ түсті галстуктердің  жанкүйері бола білді. Олардың түсі өзгеріп отырды, кейде түйінге тоқылған түрлі-түсті ленталармен безендірілді.

1692 жылы ойда жоқта галстуктің жаңа стилі шығады. Қалай дейсіз ғой,  «Испан мұрагерлігі» соғысы кезінде Людовик XIV әскері Бельгияның Штейнкерк ауылының маңында майданға түседі. Мойнындағы орамалдарын ұқыпты байлауға уақыт тапшы болғандықтан офицерлер оларды мойынға әшейін орап, ұшын форманың ілмектерінен өткізіп жібереді. Сонымен, аптап ыстықта орамал тағудың жаңа стилі – «штайнкерк» дүниеге келді.

Кейіннен галстук ерлердің артықшылығы болғанымен, әйелдер де тәжірибе жасауға кірісті. Патшаның сүйіктісі Луиза мойнына орамал тағып қана қоймай, оның ұштарын иегінің астына төрт қанатты көбелек түрінде жапты. Бұл стиль «лавальер» деп аталды.

XVIII ғасырда француздар бұйра шаштарын қысқартып, сәндеп қия бастады. Осыған байланысты жаңа аксессуар «солитер» пайда болды. Бұл – сәнді мойын орамалының үстіне байланған жіңішке қара лента. Оны түйреуішпен шаншып, немістер де таққан. Негізінде галстук атауы немістің Halstuch» сөзінен шыққан, мойын орамалы деген мағына береді.  

Немістер демекші, галстуктің Еуропада өркендеу дәуірі басталды. Англия Франциядан кейінгі галстук сәнінің орталығына айналды. Осылайша, XIX ғасырдың екінші жартысында біз осы күнге дейін қолданып жүрген галстуктердің байлау әдісі қалыптасты. Айта кетсек, аскот, төрт қол, виндзор, регата және көбелек. Бұл әдістердің әрқайсысы жеке-жеке танымдық маңызға ие. Мәселен, аскоттың ұштары қиылысып, кең түйінді құрады, түйін түйреуішпен бекітіліп, пиджак немесе куртка астына жасырылды. Бұл әдісті мерекелік кештерге пайдалануға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *